ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін университетімізде Түркия Республиканың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мустафа Капужумен кездесу өтті.
Кездесуге университет ректоры Жанар Темірбекова, ректор өкілі Пейами Баттал, ОПҚ және студенттер қатысты.
Елші екі ел арасындағы қарым-қатынас жайында сөз қозғады. Тарих қойнауынан бастау алған достығымыздың күн өткен сайын нығая түскенін тілге тиек етті.
Оқу ордамыздың басшысы Жанар Темірбекова қос ел үшін де университетіміз айрықша маңызға ие екенін айтты.
“Қазақстан тәуелсіздігін алған уақытта алғаш болып тәуелсіздігімізді мойындаған - Түркия Республикасы. Ізін суытпай қасиетті Түркістан топырағында қазақ-түрік университетінің ашылуы текке емес. Бұл үлкен қадам, бұл біздің ғасырларға жалғасқан бауырластығымыздың көрінісі”- деді.
Ректор өкілі Пейами Баттал университетімізге арнайы ат басын бұрып келген қадірменді қонағымызға университет ұжымының атынан алғыс айтты. Алдағы уақытта да шәкірттер үшін пайдалы болар бұл кездесулер жалғасын табады деген сенім білдірді.
Жиын соңында оқытушылар мен студенттер екі ел арасындағы байланыс туралы, дипломат ретіндегі кәсіби еңбек жолы туралы сұрақтарын қойды.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 