УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНА ҒЫЛЫМИ-МӘДЕНИ ІССАПАРМЕН БАРДЫ
Университетіміздің 20 оқытушы-профессоры мен қызметкері Түркия Республикасына ғылыми-мәдени іссапармен барды.
Іссапардың негізгі мақсаты – Түркияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінің озық тәжірибесімен танысу, академиялық және институционалдық ынтымақтастықты нығайту.
Оқу ордамыздың жыл сайынғы үрдісіне айналған игі іс тағы да жалғасын тапты. Оқытушылар мен қызметкерлер бауырлас мемлекеттің Ыстамбұл, Анкара, Невшехир, Каппадокия қалаларында бір апта бойы іс-тәжірибе алмасып, тарихи маңызға ие нысандарымен танысады.
Делегациямыз ең алдымен, Түркияның астанасы Анкара қаласына тоқтады. Ондағы Гази және Хаджеттепе университеттерінің тыныс-тіршілігі мен академиялық алаңдарымен танысты. Қаладағы Анытқабір, Ұлттық кітапхана, Анкара қамалы, Хамамөнү, Қызылай сынды тарихы тереңге бойлаған рухани мұраларын көрді.
Сондай-ақ, екі университеттің ректорлары мен басшылық құрамымен кездесулер өтті. Басқосуда академиялық ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен ғылыми жобалар мен оқытушы-студент алмасу бағдарламаларын дамыту мәселелері талқыланды.
Оқытушылар: «Түркияның ғылым мен зерттеуге бағытталған беделді университеттерімен таныстық. Бұл оқу ордалар әсіресе медицина, ғылым және технология салалары бойынша алда. Кампустары өз ауқымымен, атмосферасымен және халықаралық рухымен ерекше әсер қалдырды.
Бұл сапар біз үшін Түркияның жоғары білім беру жүйесін ішінен көруге, университет өмірінің мәдениетімен танысуға және жаңа идеяларға шабыт алуға мүмкіндік берді»,-деп, өз әсерлерін бөлісті.
Сонымен қатар, оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер университетіміздің Өкілетті Кеңес төрағасы Мұхиттин Шимшекпен кездесті. Ата жұрттан арнайы келген қонақтарды төраға құшақ жая қарсы алды. Баршаға университет дамуына қосқан үлестері мен адал еңбектері үшін ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, делегация алдағы күндері Невшехир қаласына барып, Хаджы Бекташ Вели университетінің ұжымымен жолығады. Сондай-ақ, Каппадокиядағы әйгілі әуе шарларын тамашалап, қызықты уақыт өткізеді. Түркияның жүрегіне айналған – Ыстамбұл қаласында екі күн бойы экскурсия жасайды.
Осылайша, Түркия жеріндегі ғылыми-мәдени іссапар оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер үшін тек тәжірибе алмасумен шектелмей, рухани байлыққа, жаңа әсер мен тың шабытқа толы тағылымды сапар болмақ. Бұл сапар – болашақтағы бірлескен жобалар мен академиялық байланыстарға берік негіз қалады. Мұндай мазмұнды кездесулер университетіміздің халықаралық беделін арттырып, ортақ құндылықтарды дәріптеуге үлкен серпін берері сөзсіз.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
# 38. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды 