«ЯСАУИ ІЛІМІ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Семинарға Теология факультетінің студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы, магистранттар да қатысты.
Жиында алғашқы сөз тізгінін алған Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Мансұров аталған семинардың маңызы туралы ой қозғады.
Профессор Досай Кенжетай баяндама кіріспесінде тақырыптың салмағы мен ұлттық құндылықтардың мәні мен түрлі тарихи деректерге тоқталды.
«Құндылық – аксиологиялық мәселе. Аксиологиялық мәселе – адамның, ұлттың немесе мәдениет болмысының платформасы. Сол болмыстың тұғыры деп аталады. Ол тұғырсыз адамда, ұлтта, мәдениетте өмір сүре алмайды. Құндылық дегеніміз осы. Егер адам құндылығынан ажыраса, ұлттық болмыс пен адамгершілік болмыстан тыс қалады»,-деді.
Семинар барысында қазақ жұртына, түркі әлеміне Ислам дінін насихаттап, түсіндіре жеткізген Қожа Ахмет Ясауи туралы тың ақпараттармен бөлісті.
Сондай-ақ, ұлттық құндылықтарға жеке-жеке тоқталды. Соның бірі – ұлт мәдениеті туралы болды. Барлық ұлттың мәдениетіне тән – мәдениет қабаттары: тіл, ойлау, дәстүр, этика, сәулет, жазу, әдебиет, сенім, тарих, кітап, т.б түрлеріне анықтамалар берді. Жәй анықтама емес, бұл ұғымдардың қазақ халқына қалай келгендігі, басқа елдердегі құндылықтар туралы түсініктердің сан алуандығы жөнінде зерттеулерді айтты.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, пікір алмасты.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 