«ТҮРКОЛОГИЯ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҰСЫНАТЫН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ
Университетіміздің «Түркология» ғылыми журналы 2025 жылдың қазан айынан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми еңбектердің негізгі нәтижелерін жариялауға арналған 3-тізімге филология ғылымдары бағыты бойынша енді.
Бұл жетістік – журналдың ғылыми деңгейін, редакция алқасының кәсіби жұмысын, жарияланымдардың сапасы мен халықаралық ғылыми талаптарға толық сәйкес екенін дәлелдейді.
Сонымен қатар, «Түркология» журналының түркология, филология, тіл білімі, әдебиеттану және мәдениеттану салаларындағы іргелі ғылыми зерттеулерді кеңінен насихаттаудағы рөлі жоғары бағаланғанын көрсетеді.
Аталған шешім университетіміздің ғылыми әлеуетін арттырып, отандық және халықаралық ғылыми кеңістіктегі беделін нығайтуға, жас ғалымдар мен тәжірибелі зерттеушілердің еңбектерін жариялауға мүмкіндік береді.
«Түркология» ғылыми журналы алдағы уақытта да түркі дүниесінің рухани-мәдени мұрасын зерделеу, ғылыми ой-пікірді дамыту және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту жолында өз үлесін қоса бермек.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 