Хабарландырулар

  • image image image image
  • shape
    shape

    Жаңалықтар

    Blog Image

    БІЗДІҢ ТҮЛЕК – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы жарлыққа қол қойды. 

     

    Оқу ордамыздың түлегі, ҚР Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға төрғалық етеді.

     

    Эльвира Азимова – университетімізді «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған, 1996 жылғы түлегіміз. Еңбек жолын ҚР Әділет министрлігінде бастап, ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы қызметіне дейін көтерілді.

     

    Түлегіміз төрағалық ететін жаңа органның негізгі мақсаты — елдің негізгі заңына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Ереже талаптарына сай, комиссия Президенттің жанынан құрылған және оның қызметі жай формалды талқылаумен шектелмейді. Жұмыс барысында мемлекеттік билік өкілдерімен қатар өңірлер, азаматтық қоғам институттары, бұқаралық ақпарат құралдары мен ғылыми орта өкілдері кеңінен тартылып, терең әрі кешенді сараптамалық талқылаулар жүргізіледі.

     

    Аталған комиссия консультативтік-кеңесші орган мәртебесіне ие болып, өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданыстағы заңнамаларды, Президент пен Үкіметтің нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ бекітілген ішкі регламентін басшылыққа алады.


    Айта кетейік, комиссия құрамында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов те бар. Жалпы құрамға 120-дан астам мүше енген. Олардың қатарында Ұлттық құрылтай мүшелері, білікті заңгерлер, бизнес қауымдастық өкілдері, депутаттар мен түрлі сала сарапшылары, сондай-ақ қоғамқайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері бар.
     

    Түлегіміз Эльвира Әбілхасымқызын осы жауапты миссиясымен шын жүректен құттықтай отырып, мемлекет пен қоғам мүддесі жолындағы қызметіне толағай табыс, әділ шешімдер мен ел сенімін ақтайтын абыройлы жол тілейміз! Біздің түлек – біздің мақтаныш!