ҚЫСҚЫ МЕКТЕП: ҒЫЛЫМИ НӘТИЖЕЛЕРДІ НАСИХАТТАУ
Қысқы мектеп аясында 4 модуль - «Ғылыми нәтижелерді насихаттау» тақырыбына арналды.
Бірінші бөлімде Экология ғылыми-зерттеу институты доцент-зерттеушісі, PhD Жандос Тауанов, «Жас ғалымның жеке ғылыми бренді – доторантурадан кейінгі саты» тақырыбында баяндама жасады.
Жиын жас ғалымның ғылыми брендін қалыптастыру алғышартын түсінуге және постдокторантура сатысындағы мүмкіндіктермен танысуға бағытталды.
Жоба басқаруда тәжірибесі мол спикер Жандос Тауанов: «Жеке ғылыми брендті қалыптастыруда «барлық бағытты зерттеймін» деп ойлау - қате. Негізгі тәсіл- өз ғылыми бағытыңды айқындау және оны халықаралық трендтермен байланыстыру. Ғылыми конференцияларда сұрақ қою, воркшоптардағы белсенділік, авторларға кәсіби хат жазу, review/special issue жазуға қатысу мол мүмкіндіктерге жол ашады», - деді.
Екінші бөлімде Жаратылыстану ғылымдары факультеті PhD постдокторант Серік Полатұлы «Ғылыми нәтижелерді насихаттау құралдары мен арналарын меңгеру басылымдардың көрінуін арттыру жолдары» презентациямен таныстырды.
Спикер ғылыми жарияланымдардың көрінуін арттыруға арналған құралдар мен арналар туралы айтып, ORCID, Scopus Author ID, Google Scholar, Publons, Altmetrics платформаларын қолдану бойынша пайдалы тәжірибесімен бөлісті.
Модуль жас ғалымдарға ғылыми нәтижелерін халықаралық деңгейде ілгерілетуге қажетті нақты бағыт-бағдар берді.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 