ӘДІЛ АХМЕТТІҢ ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ЖОЛЫ: АКАДЕМИЯЛЫҚ КЛУБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Әділ Ахмет – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы тіл білімі мен жоғары білім жүйесінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалым, әрі мемлекет қайраткері. Ол ұзақ жылдар бойы жетекші университеттерде ректор қызметін атқарған. Халықаралық дипломатия мен Парламент Сенатында қызмет атқарып, отандық ғылым мен білімнің әлемдік деңгейде танылуына еңбек сіңірді.
Жиынды ашып беру үшін сөз бастаған ректор Жанар Темірбекова: «Сүйікті студенттер, бүгін университетімізге қонаққа танымал қоғам қайраткері, белгілі ғалым, дипломат Әділ Құрманжанұлы ағамыз бен жұбайы Дариға ханым келді. Университетімізге қош келдіңіздер!»,-деді. Сонымен қатар, Әділ Ахметтің өнегелі өмір жолын таныстырып, еңбектері туралы, дипломатиялық тың бастамалары мен жұмыстары жөнінде ой өрбітті.
Әділ Ахмет: «Қазақта шақырған жерден қалма деген сөз бар. Сондықтан, Жанар Амангелдіқызының шақыртуын қабыл алып, қабырғаммен кеңесіп, арнайы келдік. Түркістанда, тек қазақтың ғана емес, түркі әлемінің рухани астанасында Ясауи университетінің ашылуы – үлкен құндылық деп санаймын. Жаңа университеттің кітапханасын араладық. Кітапхана жүйесі өте керемет екен. Өзім көзім көрген шетелдік кітапханалармен салыстырып та қарадым. Вашингтондағы әйгілі кітапханалар жүйесінен еш кем емес. Өте риза болып отырмын. Себебі, кітапхана – білімнің ошағы»,-деді.
Спикер ең алдымен, кітаптың білім-ғылым жолындағы маңызы туралы тілге тиек етті. Университетіміздің кітапхана қорына сыйға бірнеше кітап табыстады. Оның қатарында: «Бұрынғы Америкалық «үндістердің» алтайлық тегі», «Жаһандық әлемнің геосаяси келбеті», «Түркі әлемінің ырым-тыйымдары», «Ғасыр ғибраты» сынды т.б еңбектері бар.
Келесі кезекте, өзінің қаламынан туған кітаптарының жазылу тарихына кеңінен тоқталды. Ғылымның шегі жоқ, білім көзі кітапта екенін жастарға өнеге ретінде айтты.
Сондай-ақ, дипломат ретінде қызмет бабында болған әлемдік оқиғалар мен саяси шешімдер туралы естеліктерін бөлісті. Ұлт болып ұйысудың, өзге мемлекеттермен ынтымақ жарастырудың маңызын кеңінен талқылады.
Осы тұста: «Біз көп елмен салыстырғанда ілгеріміз. Барлық ұлтқа тең қараймыз. Мемлекеттің дұрыс үрдіспен дамуы үшін баршамен тату-тәтті болуы керек. Мінекей, бүгін соның бір дәлелі – Ясауи университеті. Тек қазақтың емес, түркі әлемінің жастары оқып жатыр. Оның ішінде қазақ, өзбек, түрік те, қырғыз да бар. Бұл университеттің келешегі мықты. Білім аламын деген адамға барлық жағдай жасалған»,-деді Әділ Құрманжанұлы.
Студенттерді білім көкжиегін кеңейтуге шақырды. Ел тұтқасын ұстайтын болашақтың бастаушысы ретінде білімге бет бұрып, жаңаны ізденуге шақырды.
Жиын соңында қатысушылар мемлекет қайраткеріне өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, жауап алды. Ректор Жанар Темірбекова қонақтарға алғыс айтып, сый-сияпаттар табыстады. Әділ Ахмет пен жұбайына шапан жауып, құрмет көрсетті. Барша қатысушы Әділ Ахметпен естелікке суретке түсті.
Осылайша, мазмұнды әрі тағылымды өткен академиялық клуб отырысы студенттерге терең ой салып, тұлғалық дамуға серпін берді. Әділ Ахметтің өнегелі өмір жолы мен тағылымды ойлары жастарды білім мен ғылымға ұмтылуға жігерлендірді.
# 1. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Ішкі қауіпсіздік департаменті,Шаруашылық департаменті, Кентау кампусы конкурс жариялайды
Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімі, Ғылымды дамыту бойынша жобалық кеңсе бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Стратегиялық даму,рейтинг және стандарттау орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кітапханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ясауитану ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медиа және PR орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды. 