ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ХХХIV СПАРТАКИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл спартакиаданың негізгі мақсаты – оқытушылар арасында салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеу, денсаулықты нығайту және спорт түрлері бойынша университеттің құрама командаларын қалыптастыру.
Жарыс барысында командалар спорттың 7 түрінен өзара бақ сынады. Атап айтқанда: кіші футбол, волейбол (ерлер мен қыздар), ату спорты, тоғызқұмалақ, шахмат және арқан тартыс.
Спорттық доданың шешуші күні «Арқан тартыс» сайысына арналды. Білек күші мен төзімділікті талап ететін бұл жарыс аса тартысты өтті. Әр команданың жанкүйерлері қызу қолдау көрсетіп, көрермендер әсерлі ойынның куәсі болды.
Жабылу салтанатында сөз сөйлеген әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі вице-ректор Еділ Төлегенов: «Құрметті университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамы, биылғы ХХХIV оқытушылар арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті. Жарыс жоғары деңгейде әрі қызықты өтті деп ойлаймын. Бұл жарыстың басты мақсаты – оқытушылар арасындағы ынтымақтастықты арттырып, өзара достықты нығайту. Аталған мақсат толық жүзеге асты деп сенемін. Барлық қатысушыға алғысымды білдіремін», – деді.
Жарыс нәтижесінде «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі» командасы чемпион атанды. Кентау кампусының командасы жүлделі II орынды иеленсе, Стоматология факультетінің құрама командасы III орынға лайық деп танылды. Сонымен қатар, сайыс барысында ерекше белсенділік танытқан қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 