«LEADERSHIP – 2026»: СТУДЕНТТЕРДІҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ
Басты мақсат – қатысушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, стратегиялық ойлау дағдыларын жетілдіру. Сондай-ақ, командамен тиімді жұмыс істеу және заманауи көшбасшыға қажетті практикалық құралдармен таныстыру.
Кездесуге Жастар Рухы жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының төраға орынбасары Мырзабай Ермахан мен Жастар саясаты департаментінің қызметкерлері және өзге де қонақтар қатысты.
Жиынды ашып берген Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов жастарға сәттілік тілеп, көшбасшы болудың маңызын саралады. Университетіміз әр студентіне үлкен сенім артатынын жеткізді.
Іс-шарада 130-дан астам белсенді студент көшбасшылық қасиеттерді дамытуға арналған түрлі сайыстар арқылы өзара бәсекеге түсті. Үш кезеңнен тұратын сайыста жастар өздеріне деген сенімін арттыруға бағытталған ойындар арқылы белсенділік танытты. Барлық тапсырмалар топ ішінде бір-бірін қолдау, ауызбіршілікті нығайту және ортақ мақсат жолында бірлесе әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға негізделді.
Жастар орталығының басшысы Айдана Әскербек әр сайыстан кейін оның мазмұны мен тәрбиелік мәнін түсіндіріп, талдау жүргізді. Қатысушылар студенттердің пікірі мен әсерлерін тыңдады. Нәтижесінде студенттер өзара бәсекеден гөрі командалық жұмыстың маңызы жоғары екенін түсініп, нағыз көшбасшыға тән жауапкершілік, өзара сенім мен қолдаудың басты құндылық екеніне көз жеткізді.
Іс-шара барысында студенттердің қырағылығы мен жылдамдығы, тығырықтан жол табу қабілеті сыналып, шығармашылық және ұйымдастырушылық дағдылары жетілді. Қатысушылар топ ұрандарын айтып, өз өнерлерін ортаға салды.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған команда мүшелеріне кубок пен арнайы сыйлықтар табысталды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Яссы қонақ үйі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Лингвистикалық орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униврситеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
# 1. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Ішкі қауіпсіздік департаменті,Шаруашылық департаменті, Кентау кампусы конкурс жариялайды
Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімі, Ғылымды дамыту бойынша жобалық кеңсе бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Стратегиялық даму,рейтинг және стандарттау орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кітапханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ясауитану ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медиа және PR орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды 