БІТІРУШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ МҮМКІНДІКТЕРІ АЙТЫЛДЫ
«Түркістан қалалық Мансап орталығы» филиалының директоры Нұрсұлтан Үмбетұлы Ясауи университетінің жастарымен кездескеніне қуанышты екенін жеткізді.
«Біз облысымыздағы университеттер мен колледждердің бітіруші студенттеріне мемлекеттік бағдарламалар арқылы бос жұмыс орындарына орналасу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Оның басты себебі – елдің болашағы, жастар, сіздерсіздер! Жастарға мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді таныстырып, ұсынуға келдік.
Атап айтқанда, оқу аяқтаған соң, өздеріңіз жұмыс таба алмаған жағдайда, Түркістан қалалық Мансап орталығының көмегіне жүгіне аласыздар. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасуларыңызға көмектесеміз»,-деді Нұрсұлтан Үмбетұлы.
Түркістан қалалық Мансап орталығының Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің басшысы Уалихан Айтимбетов бітіруші курс студенттерін толғандырған ең негізгі сауалдарға жауап берді. Қолына диплом алып, жұмыс іздеген жастарға қажетті тың мағлұматтарды жеткізді.
«Жастар практикасы – Жастар практикасы колледж және ЖОО түлектері үшін алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс өтілін алу, яғни тәжірибе жинау мақсатында ұйымдастырылады. Оның ұзақтығы 12 айдан аспайды, ал айлық мөлшері – 85 350 теңге»,- деді. Сонымен қатар, аталған бағдарламаға тапсырған жастарға қойылатын талаптар жайлы кеңінен ақпарат берді.
Алғаш жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орнын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған «Алғашқы жұмыс орны» жобасы туралы да баяндады.
Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының маманы Мереке Қайқыбаева жастарға арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалар тізімімен таныстырды. Әсіресе, «Zhas project» бағдарламасы аясында 1 миллион грант ұту мүмкіндіктерін атады. Оқу бітірген, бірақ кәсіппен айналысуды қалайтын, елімізге қажетті кәсіпорындарды қолға алуды мақсат еткен жастарға қажетті өзге де бағдарламаларды таныстырды.
Келесі кезекте, университетіміздің Мансапты дамыту және жұмыс берушілермен байланыс бөлімінің басшысы Салима Мухиддинова да бітіруші студенттерге мемлекеттік грантты өтеу, т.б маңызды тақырыптарда ақпарат берді.
Жиын соңында студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 