РЕБРЕНДИНГ: «ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ» ЖУРНАЛЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
«Ясауи университетінің хабаршысы» көпсалалы журналына ребрендинг жасалып, құқықтық мирасқоры ретінде екі жаңа ғылыми басылым құрылды. Олар «Yassawi Journal of Philology» және «Yassawi Journal of Education Studies» атауларымен жарық көреді.
ҚР ҒЖБМ Ғылым және білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің бұйрығына сәйкес, жаңа 2 журнал да Комитеттегі орнын сақтап қалды.
Көпсалалы журналды бағыттары бойынша бөлу және заманауи стандарттарға сай ребрендинг жүргізу – күн тәртібіндегі маңызды шешімдердің бірі. Бұл жұмыс журналдың халықаралық талаптарға сәйкестігін арттыру, оны халықаралық деректер базасына енгізу мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ университетіміздің академиялық ортадағы ғылыми беделін нығайту мақсатында жүргізілді.
30 жылдық тарихы бар «Ясауи университетінің хабаршысы» журналы еліміздің ғылыми әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосты. Әр жылдары социология, философия, филология, педагогика, экономика, химия, техника, жер ғылымдары және өзге де ғылыми бағыттар бойынша ҚР Жоғары аттестациялық комитеті ұсынған басылымдар тізіміне енгізіліп, ғалымдардың ғылыми жаңалықтарын жариялауға, сондай-ақ ғылымға қадам басқан жас зерттеушілердің ғылыми нәтижелерін көпшілікке ұсынуға маңызды алаң болды.
Осы ретте Ғылым департаментінің, Ғылыми басылымдар бөлімінің қызметкерлері мен ғалымдардың атқарған еңбегін ерекше атап өткен жөн.
Айта кетейік, ғылыми журналдар OJS платформасында жұмыс істейді. Жаңартылған ресми сайт 2026 жылдың 3 ақпанынан бастап іске қосылды. Ғылыми басылымдардың сапасын арттыру мақсатында отандық және шетелдік ғалымдар рецензент ретінде тіркеле алады.
Сайт сілтемесі: https://publications.ayu.edu.kz/
"Жұқпалы, тропикалық және паразиттік аурулар: сын-қатерлер, аурулар: сын-қатерлер, трансшекаралық тәуекелдер, биоқауіпсіздік".
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ясауитану ғылыми-зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Стоматология факультеті конкурс жариялайды
Университет жатақханаларында бос орындар бар екендігі туралы хабарлаймыз 