УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ЖАҢА ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Ғылыми педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу орталығының мақсаты – жаңа Қазақстан жастарының салауатты өмір салтына бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге волонтерлік іс-әрекетті ұйымдастырудың моделін әзірлеу және оны жүзеге асыруда білім беру үдерісіне қатысушылардың әлеуетін арттыру, волонтерліқ іс-әрекетті дәріптеу, оны ұйымдастыруға бағыт-бағдар беру.
Жаңа орталықтың ашылу рәсіміне Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы С.Абжалов, «Журналистика» кафедрасының доценті С.Садыков, «Педагогика және психология» кафедрасының кафедра менгерушісі А.Рысбекова және факультеттің белсенді студенттері мен еріктілері қатысты.
Ғылыми педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу орталығы «Жаңа Қазақстан жастарын салауатты өмір салтына бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге волонтерлік іс-әрекетті ұйымдастыру» атты ғылыми жоба аясында құрылды. Жоба жетекшісі – профессор, п.ғ.д Ж. Торыбаева, ал жоба орындаушылары – магистр-оқытушы Д.Жарқынбаева және «Педагогика және психология» кафедрасының 1-курс докторанты А. Қуанышбаева.
Орталықтың негізгі құндылықтары:
Жастардың салауатты өмір салтына бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету;
Білім беруді ұйымдастыруда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат құру;
Білім беру ұйымдарында волонтерлік қызметті дәріптеу;
Жастардың волонтерлік қызметке қатысуын кеңейту;
Волонтерлік іс-ірекетті педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу;
Айта кетейік, университет базасында ашылған бұл орталық негізі төрт бағыт бойынша қызмет атқарады:
Педагогикалық-психологиялық диагностикалық жұмыстар – тұлғаның потенциалдық қабілеттерін психикалық үрдістердің даму деңгейін, сондай-ақ әрі қарай дамуды болжау немесе тиісті психологиялық түзету мақсатымен эмоционалдық тепе-теңдікті анықтауға бағытталған зерттеу жұмысы. Жастарды СӨС-ке бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету мақсаттарына сәйкес деректер жинау, алынған нәтижелерді өңдеу және талдау, шешім қабылдау (диагноз және болжам).
Педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстары – тұлғаның кейбір келеңсіз сапалары мен көріністерін түзетуге бағытталған, жастарды СӨС-на бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша жүргізетін жүйелі іс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы. Кәсіптік бағдар-мамандық пен қызмет таңдаудағы қолайлысын табуды мақсат еткен, тұлғаның икемділіктері мен қабілеттерін анықтауға бағытталған психологиялық-педагогикалық іс-шаралар кешені.
Педагогикалық-психологиялық кеңес беру жұмыстары – тұлғаның жеке денсаулығы мен СӨС-на бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге байланысты қажетті психологиялық-педагогикалық кеңес беру, бағыт-бағдар көрсету жұмыстары.
Педагогикалық-психологиялық профилактикалық алдын-алу жұмыстары – психологиялық және педагогикалық үдесістерде болатын кемшіліктердің, жағдайлардың, жеке тұлғаның оқшаулануы мен жекелік қасиеттерінің ауытқу белгелерінің, білімдік ортада зорлық-зомбылықты болдырмау, зиянды іс-әрекетке бой алдыру себептерін айқындау бойынша жұмыстар жасалынып, аталған жағдайлардың қайта болдырмау мақсатында ұйымдастырылады.
Педагогикалық-психологиялық ағарту жұмыстары- Жаңа Қазақстанды құру мақсатында салауатты өмір салтына бейімдейтін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша волонтерлік іс-әрекетті дәріптеу, еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында ғылыми ізденулерді, болашақ мамандардың кәсіби жетілуіндегі әлеуметтену үдерісіне бағытталған ағартушылық жұмыстарды жүргізу.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 