ЖУРНАЛИСТ ЖАЙНА СЛАМБЕКТІҢ АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ
Бүгін оқу ордамызда «Тұмар» ұлттық телевизия сыйлығының иегері, медиа маманы Жайна Сламбек «Әлеуметтік мәселелердің «барометрлік» рөлі. Тақырыпты ақпараттық-сараптамалық бағдарламада талдау» тақырыбында журналистика мамандығының студенттеріне шеберлік сабақ өтті.
Іс-шара журналистика кафедрасының бастамасымен, университетіміздегі «Медиа студиясының ашылуы» салтанаты аясында ұйымдастырылды.
Қазақстан ұлттық арнасындағы «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жетекшісі-жүргізушісі Жайна Сламбек – білікті маман. «Хабар» агенттігінде тілші болып қызметін бастаған журналист болашақ журналистерге бүгінгі күннің өзекті мәселелері жөнінде және медиа саласындағы тәжірибесі туралы ақпаратын бөлісті. Шеберлік сабақта тележүргізуші әлеуметтік мәселелердің қоғамдағы ахуалына баса мән берді. Білім, денсаулық және ғылым салаларына жеке-жеке тоқталды.
Сондай-ақ ақпараттық-сараптамалық бағдарламаның құрылымы, дерекпен жұмыс істеу, факт пен пікірдің ара-жігін ажырату, сараптамалық талдау тәсілдері кеңінен сөз болды.
«Журналист болу – халық пен билік арасында алтын көпір болу. Бұл күрделі жол. Журналист болу мақсатыңызды, соның ішінде қай жанрға баратыныңызды осы кезден нақтылап алыңыз. Сонда жақсы журналист болуға болады. Сонымен қатар, кез келген ортада өткір және өзекті тақырыптарды талқылау мәдениетін қалыптастыру қажет», - деді Жайна Сламбек.
Бұдан әрі шеберлік сабақ сұрақ-жауапқа ұласты. Құрмет ордені иесі Жайна Сламбектің шеберлік сабағы студенттердің кәсіби біліктілігін арттырып, өзекті тақырыптарды талдаудағы тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталды.
"Жұқпалы, тропикалық және паразиттік аурулар: сын-қатерлер, аурулар: сын-қатерлер, трансшекаралық тәуекелдер, биоқауіпсіздік".
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ясауитану ғылыми-зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Стоматология факультеті конкурс жариялайды
Университет жатақханаларында бос орындар бар екендігі туралы хабарлаймыз 