«ҮЙДЕГІ АУРУХАНА ҚЫЗМЕТІ»: УНИВЕРСИТЕТ КЛИНИКАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Университетіміздің Клиника-диагностикалық орталығы халыққа бағытталған әлеуметтік жобаларын жалғастыруда. Соның бірі – төсекке таңылған және созылмалы аурулары бар балаларға арналған «Үйдегі аурухана қызметі» жобасы.
Жоба аясында клиникаға келуі қиын балаларға кешенді медициналық көмек тікелей олардың үйлерінде көрсетіледі. Бұл бастама, әсіресе, денсаулық жағдайына байланысты ауруханаға жеткізуі қиын әрі инфекция жұқтыру қаупі жоғары балаларға қолдау көрсетуге бағытталған.
Жобаны жүзеге асыру үшін 7–9 адамнан тұратын мобильді медициналық топтар құрылды. Топ құрамында невропатолог, рентгенолог, отбасылық дәрігер, баланың қосымша ауруларына байланысты бейінді мамандар, мейірбике, әлеуметтанушы және психолог бар. Мамандар науқастардың үйлеріне барып, қажетті медициналық қызметтерді көрсетеді.
Клиника дәрігерлері үй жағдайында жан-жақты қан талдауларын алып, тасымалды ультрадыбыстық құрылғылар арқылы тексеру жүргізеді. Сонымен қатар, балаларға кеңейтілген невропедиатриялық және жалпы педиатриялық тексерулер жасап, отбасы мүшелеріне жеке кеңестер береді. Осылайша балаларға үйде толыққанды кешенді медициналық тексеру жүргізу мүмкіндігі қарастырылған.
Аталған бастама тек үй жағдайында медициналық қызмет көрсетумен немесе паллиативтік көмектің шеңберімен шектелмейді. Жоба биопсихоәлеуметтік тәсіл негізінде науқастар мен олардың отбасына кешенді әрі жоғары стандарттағы медициналық қызмет ұсынуды көздейді. Бұл инновациялық модель төсекке таңылған педиатриялық науқастар үшін тиімді әрі үлгі боларлық денсаулық сақтау тәжірибесі ретінде ерекшеленеді.
Мәдениет орталығындағы телестудия бөлмелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ясауитану ғылыми-зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Стоматология факультеті конкурс жариялайды 