«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ: УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ КЕҢ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Бүгін университетіміздің басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы, әкімшілік қызметкерлер және студенттер «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты.
Баршаңызға мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жарияланды. Акция аясындағы бірінші апта «Таза өлке» атауымен өтуде.
Президент бастамасын оқу орнымыз да қолдап, бүгін кең ауқымды сенбілік өткізді.
Университет бас корпусының, Филология мен Спорт және өнер факультеттері ғимараттарының, Кентау және Шымкент кампустарының, Клиника-диагностикалық орталығының, сондай-ақ Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің маңына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке қатысушылар ғимараттар мен алаңдардың айналасын ретке келтіріп, көгалдарды қоқыстардан, жапырақтардан және сынған бұтақтардан тазартты. Сонымен қатар, ағаш түптері әктеліп, сырланды.
Университет басшысы Жанар Темірбекова сенбілік жұмысына арнайы қатысып, қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге келген ұжым мен студенттерге алғысын айтты.
Ректор бас ғимараттан бөлек, Филология мен Спорт және өнер факультеттерінің және Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің оқу корпустарына арнайы барып, сенбілікке қатысушылармен тілдесіп, ризашылығын білдірді.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 