УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ АЙМАҚТЫҚ СТУДЕНТТІК СПОРТ ЛИГАСЫ БАСТАЛДЫ
Спорттық шараға оқу орнымыздың әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев, жоғары оқу орындары спорт клубтарының басшылары, төрешілер, бапкерлер мен спортшы студенттер қатысты.
Ашылу салтанатында құттықтау сөз тізгінін алған әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев, ең алдымен, барша қатысушыларды спорт мерекесімен құттықтады.
«Қазір таңда әлемдік және халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғап, елімізді танытып жүрген спортшылардың арасында студенттер көп. Демек, жастарға артылатын сенім де мол.
Бүгін бастау алған Студенттік лига – өзіндік маңызы бар спорт шарасы. Сондықтан барша қатысушы командаларға сәттілік тілеймін», - деді Асқар Тұрғанбаев.
Бұдан әрі жарыс қатысушылары үшін университетіміздің студенттері рухты ән шырқап, мың бұрала билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан Студенттік спорт лигасының аймақтық бәсекелері мамыр айына дейін жалғасады.
Жарыс 7 спорт түрінен өткізіледі, атап айтар болсақ: волейбол, баскетбол (3×3), футзал, үстел тенисі, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, шахмат.
Спорт лигасының алғашқы ойындары волейбол, шахмат және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен басталды.
Айта кетейік, сайысқа оңтүстік аймақта орналасқан 15 ЖОО-ның спортшылары қатысады. Жеңімпаз атанған командалар республикалық Студенттік спорт лигасына жолдама алады.
Жарыста бақ сынайтын университетіміздің студенттеріне сәттілік тілейміз!
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 