СПОРТШЫ СТУДЕНТТЕРІМІЗ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Университетіміздің спортшылары халықаралық және республикалық сайыстарда жеңімпаз атанды.
Еркін күрес шеберлері Испания мемлекетінің Ла-Нусия қаласында жастар арасында өткен халықаралық турнирде топ жарды.
Ел намысын 70 келі салмақ дәрежесінде қорғаған Қуандық Шалқар мен 57 келі салмақта күрескен Шұғыла Өмірбек алтыннан алқа тақты.
Сондай-ақ, студентіміз Айнұр Ашимова 55 келі салмақ дәрежісінде 2-орын иемденді. Спортшылардың жаттықтырушылары – Қанат Тұрғараев, Нұржігіт Ерімбетов.
Ал сәуір айының 18-22 жұлдызында Абай облысы Семей қаласында Самбо күресінен ересектер арасында өткен ҚР чемпионатында командалық есепте Түркістан облысы бірінші орын иемденді.
Аталмыш спорт бәсекесінде спортшыларымыз Айман Ибрагимова (47 келі) мен Ұлбосын Адилова (80 келі) 1-орын алып, жеңіс тұғырының биігінен көрінді.
Студенттеріміз Нұрила Асанқызы (80+ кг) және Абылайхан Мейрамбекұлына (53 кг) 2-орын бұйырды. Алтынбек Шолпан (47 келі), Асемай Рустемова (65 келі), Диана Мұханбетәлі (72 келі), Ақбота Қыдырәлі (72 келі), Адина Абақова (80 келі), Әділет Жүніс (58 келі) бәсекеде қола медальға ие болды.
Самбо күресінінен спортшылардың жаттықтырушысы – Әбдісадық Халилаев.
Жеңімпаз жас спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 