VІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ДІНТАНУ ЖӘНЕ ТЕОЛОГИЯ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ» ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына орай ұйымдастырылған олимпиада «Дін және Зайырлылық қағидаты» тақырыбы аясында 23-24 сәуір күндері өтті.
Олимпиаданың мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету; дінтану және теология мамандықтарына талапты талапкерлерді тартып, олардың мамандыққа қызығушылығын арттыру.Сонымен қатар жеткіншектердің жеке тұлғалық және шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасау, дін саласына ғылыми ізденушілігіне қызығушылығын арттыру.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 36 қатысушы бақ сынады. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар жалпы дамуға тапсырмалар бағыты бойынша шығарма жазды. Ал екінші кезеңде теориялық ауызша тапсырмаларға жауап берді.
Марапаттау рәсіміне арнайы қатысқан академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова жүзден жүйрік шыққан студенттерді шын жүректен құттықтап, білім алу жолында толағай табыстар тіледі. Еліміздің болашағы жастардың қолында екендігін және білімді жастарға дұрыс бағыт-бағдар берудің университетіміздің ең үлкен мақсатының бірі екендігін атап өтті.
Байқау жеңімпаздарына I, II және III дәрежелі дипломдар берілді және арнайы сый-сияпаттар табысталды. Сондай-ақ байқау жүлдегерлері Ахмет Ясауи университетінің Дінтану және Теология білім бағдарламаларында университет гранты (квота) негізінде білім алады.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 