УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ МЕН «ҒЫЛЫМ ҚОРЫ» АҚ БАСШЫЛАРЫ КЕЛДІ
Ең алдымен, қонақтар университет ректоры Жанар Темірбекова бастаған басшылық құраммен кездесті. Кездесу барысында ректор ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ғылым комитеті және Ғылым қоры АҚ-ның басшыларына университетіміздің базасында іске асырылып жатқан коммерцияландыру жобаларының жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ, түркі жастарының басын қосқан білім шаңырағының өзге де жетістіктерін, алға қойған мақсаттарын баяндап, халықаралық оқу ордамыздың ерекшеліктерін атады.
«TURKTIME» концепциясы аясында университетімізде өткен Түркі әлемі математиктерінің форумы, биология мен география салалары бойынша халықаралық конгрестері мен басқа да маңызды іс-шараларына кеңінен тоқталды. Университеттің жүзеге асқан жарқын жобаларына қолдау көрсеткен Ғылым комитеті мен Ғылым қорына ризашылығын білдірді.
Басқосудан соң, Галимжан Жанқуатов пен Камиль Акатов университет басшылығымен бірге ботаникалық бақты аралады. Сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» АҚ-ның қолдауымен іске қосылған «Жеміс жидектерді өңдеу өндірістік цехінің» жұмысымен танысты. Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы ботаникалық бақтың құнды гендік қорын сақтау, қалдықсыз өнім өндіруді мақсат еткен жобаның маңыздылығын саралады. Өндірістік цех қазіргі заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, қонақтар жемістерді жуу, кесу, кептіру, сұрыптау, орау, сақтау сынды қызмет түрлерін бақылады.
Келесі кезекте, ботаникалық бақта орналасқан жылыжайларды аралады. Оқу ордамызға келген қонақтардың дәстүрі бойынша Галимжан Жанқуатов пен Камиль Акатов өз қолдарымен көшет отырғызып, естелікке суретке түсті.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 