«ТҰРАН ДАУЫСЫ – 2024» ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Байқау мақсаты — оқытушы-профессорлар құрамы мен әкімшілік қызметкерлердің және шетелдік қызметкерлердің қазақтың әндеріне, өнерге деген құштарлығын арттыру, негізгі жұмыс пен бірге өнерді қоса алып жүрген қызметкерлеріміздің табиғат берген талантымен өнерін көпшілікке таныту.
Қазылар алқасының құрамындағы Ақжайық музыкалық мектебінің вокал және хор пәнінің ұстазы Исаметтин Нимазев пен Вокалды инструменталды ансамбльдің жетекшісі Азамат Абдуалиев, Спорт және өнер факультетінің аға оқытушысы Салтанат Қырқынбекова өнерпаздарға әділ бағаларын берді.
Байқауда қатысушылар екі кезең бойынша сынға түсті. Бірінші кезеңде патриоттық әндер, ал екінші кезең еркін тақырыптағы әндерге арналды.
Университетіміздің әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев ән сайысына қатысып, өнерлерін ортаға салған барлық қатысушыға ризашылығын білдірді.
Сайыс нәтижесі бойынша көп ішінен топ жарған Студенттік асхананың қызметкері Қарлығаш Дәулетова бас жүлдені жеңіп алды. Ал, жүлделі I орынды Хирургия кафедрасының аға оқытушысы Гүлмира Тойлыбаева иемденді. Стоматология факультетінің оқытушысы Дархан Есентаев және Философия кафедрасының аға оқытушысы Светлана Кузембаева II орынға ие болды. Мәдениет орталығының кіші қызметкері Гүлжан Мырза мен Дене мәдениеті кафедрасының магистр оқытушысы Нұржігіт Есентаев III орынды қанжығаларына байлады.
Сонымен қатар, әсем әуен, сазды үнімен көрермен қошеметіне бөленген Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасының лаборанты Таңшолпан Тұрсынбайға «Көрермен көзайымы» номинациясы табысталды.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 