МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін университетіміз бен Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті арасында өзара ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойылды.
Басты мақсат – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым, мәдениет және өнер, ғылыми-зерттеу салаларындағы ынтымақтастықты дамыту және тараптар арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайту.
Айтулы келісімге университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова мен Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Абдугаппор Киргизбаев қол қойды.
Қос университеттің басшылары бұл құжат білім ордалардың өзара қарым-қатынасын нығайтып қана қоймай, екі ел арасындағы бауырластық пен сыйластықтың одан әрі арта түсуіне сеп болуына тілектес екендерін жеткізді.
Тараптар аталған келісім шарт аясында: Бакалаврлар, магистранттар, PhD докторанттармен алмасу, Қысқа және ұзақ мерзімді тағылымдамадан өту үшін профессорлық-оқытушылық құрам мен ғылыми қызметкерлермен алмасу, Профессор-оқытушылар құрамын тарта отырып, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, дәрістер оқуға тараптардың өкілдерін шақыру сияқты т.б маңызды істерді атқаруға келісті.
Жиын соңында екі университет басшылары кезекпен сый-сияпаттарын табыстап, ізгі тілектерін айтты.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 