СТУДЕНТТЕРІМІЗ ДӘСТҮРЛІ ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Байқаудың мақсаты – асыл сөздің маржаны мен терең ойдың тұнығын әуезді әнмен жеткізетін терме өнерін өскелең ұрпаққа, өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау. Таланттарды анықтап, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберлігін арттыру. Өнегелі, нұсқалы сөздердің тізбегіндей болған, халықтық дәстүрлер негізіндегі терме өнерінің жаңғыруына өзіндік үлесін қосып келе жатқан термешілерді анықтау. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық өнердің мәйегіне айналған дәстүрлі ән мен терме жанрын дамыту болды.
Қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынасты. Бірінші кезеңде үміткерлер Оңтүстік өңірінің термелерінен 2 шығарма орындаса, келесі кезеңде еркін тақырыпта 1 дәстүрлі ән орындады.
Байқаудың қазылар алқасының құрамында айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері, Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Бекарыс Шойбеков, университетіміздің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының Мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Мұрат Жұманов болды.
Сайыс нәтижесі бойынша университетіміздің талантты білімгерлері, Дәстүрлі музыка өнері мамандығының 4-курс студенттері Диана Арипбоева бас жүлдені жеңіп алса, Іңкәр Құтымбай 3-орынды иемденді.
Көп ішінен топ жарып, оқу ордамыздың мерейін үстем еткен студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 