ОҚУ ОРДАМЫЗДА ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ XII ЖАЗҒЫ ГИМНАЗИАДАСЫ БАСТАЛДЫ
Басты мақсат – дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Ашылу салтанатында сөз бастаған университетіміздің әлеуметтік-мәселелер вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев барша командаға сәттілік тіледі.
«Құрметті жас спортшылар, Түркістанға қош келдіңіздер! Облысымызда осы спорттық сайысты өткізуге шешім қабылдаған ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ұлттық-Ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығына алғыс білдіреміз»,- деді Асқар Тұрғанбаев. Сонымен қатар, оқушыларды мектепті аяқтағаннан кейін университетімізге оқуға шақырды. Спорт, дене шынықтыру бағытын таңдаушыларға оқу ордамыздың ұсынар мол мүмкіндіктерін айтты.
Гимназиадаға Алматы, Шымкент, Атырау, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл, Қарағанды өңірлерінен келген командалар қатысуда.
Спорттық додаға қатысушы командалар: ерлер және қыздар арасында дзюдо мен самбо және белбеу күресі мен волейбол спорт түрлерінен өзара сайысқа түсетін болады.
Айта кетейік, гимназиада 19-маусымға дейін жалғасады. Республикалық кезеңде жеңіске жеткен оқушылар Бахрейн әмірлігінде өтетін Дүниежүзілік оқушылар арасындағы гимназиадаға жолдама алады.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 