АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ӨЗБЕКСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЛІСІМІ ЖАСАЛДЫ
Кездесу Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Ж.А.Темірбекова мен Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің ректоры И.М.Тоқтасинов қол қойған ынтымақтастық меморандумы аясында өтті. Кездесуге қатысушылар Қаржы және Халықаралық байланыстар вице-ректоры М. Нурсой, Халықаралық офис басшысы Р. Пайзиметова, профессор А.Насиров, доцент Д. Муитов университетаралық ғылыми зерттеулер, кадрлар даярлау, білім беру және әлеуметтік-мәдени қызмет салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірқатар мәселелерді талқылады.
Оның ішінде:
- бакалаврлар, магистранттар, докторанттар алмасу;
- қысқа және ұзақ мерзімді тағылымдамадан өту үшін профессор-оқытушылар мен ғылыми қызметкерлермен алмасу;
- профессор-оқытушыларды тарта отырып, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, Эразмус жобаларына бірге қатысу, дәріс оқу үшін тараптардың өкілдерін шақыру;
- тараптардың профессорлары мен оқытушылары арасынан докторанттарға ғылыми жетекшілерді тағайындауға;
- өзара мүдделі салаларда жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар мен мамандарды даярлаудағы ынтымақтастық;
- оқу-әдістемелік жұмыстар, оқу жоспарлары мен бағдарламалары, өткізіліп жатқан іс-шаралар бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу;
- бірлескен ғылыми және оқу басылымдарын ұйымдастыру;
Сапар барысында Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің өкілдеріне Халықаралық қазақ-түрік университетінің тарихы мен өмірі, онда жүргізіліп жатқан заманауи білім беру реформалары, студенттердің өмірі мен контингенті, сонымен қатар факультеттер дайындаған мамандықтар туралы ақпарат берілді . Сонымен қатар, университет кітапханасы мен ғылыми және сыртқы істер бөлімінің қызметімен таныстырды.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 