ЖАҢА ВИЦЕ-РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бұған дейін университетіміздің әлеуметтік-мәдени бағытын Тұрғанбаев Асқар Әбдуалиұлы басқарып келді. Білікті басшы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, кәсібилігі мен іскерлік қабілетін жоғары дәрежеде көрсете алды.
Ендігі кезекте оқу ордамыздың әлеуметтік-мәдени дамуына Төлегенов Еділ Мейірбекұлы жетекшілік етеді.
Еділ Мейірбекұлы — Ахмет Ясауи университетінің түлегі. Өзі білім алған қарашаңырақ оқу ордасында 20 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келе жатыр.
Еңбек жолын оқытушы қызметімен бастап, декан орынбасары, факультет деканы, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, ректор кеңесшісі лауазымдарында табысты жұмыс істеді.
Еділ Төлегеновтің жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен білімі жаңа қызметінде жоғары жетістіктерге жетіп, саланы алға жылжытуға ықпал етеді деп сенеміз. Ұжым атынан жұмысына сәттілік пен табыс тілейміз!
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 