ШӘКІРТІМІЗ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СТУДЕНТТІК ОМБУДСМЕНІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
17-18 шілде күндері Астана қаласында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Республикалық студенттік кеңес мүшелері, «Қазақстан студенттерінің Альянсы», РСҚ-ның өңірлік төрағалары және өңірлік студенттік омбудсмендердің басын қосқан жиын өтті.
Айтулы іс- шараға әр өңірдің ЖОО-нан 100-ге жуық белсенді студент қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Студенттік кеңес отырысына Дінмұхаммед Үмбетұлы – Қазақстан Студенттерінің Альянсы Түркістан облыстық төрағасы ретінде белсене қатысты.
Жиын барысында сөз алған жас төраға Дінмұхаммед:
«Ендігі кезекте, біздің басты мақсат – Түркістан облысының жастарын қоғамдық белсенділікке тарту және құқықтарын қорғай отыра, патриот жастардың қатарын арттыру»,-деді.
Осылайша, басқосуда Дінмұхаммед Үмбетұлы ресми түрде Түркістан облысының студенттік омбудсмені атанды.
Студенттік омбудсмендердің мақсаты – студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай -ақ қолайлы білім беру ортасын құруға жәрдемдесу.
Айта кетейік, Дінмұхаммед Үмбетұлы университетімізде 2022-2023 оқу жылында студенттік президенті қызметін атқарды.
Белсенді студентімізді айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 