«ЯСАУИ ТҮРКОЛОГИЯ ЖАЗ ОҚУЫ – 2024» ЖОБАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Университетіміз арқылы шетелдіктерге қазақ халқының мәдениеті мен салт дәстүрін таныту, түркі елдері жастарының ынтымақтастығын арттыру, елдер арасындағы өзара байланысты нығайтуды мақсат еткен жоба жоғары деңгейде өтті.
Қонақтарымыз ұлтымыздың салт-тәстүрі мен мәдениеті, өнері мен оңтүстік өңірдің киелі мекендерімен танысты. Қожа Ахмет Ясауи мен Арыстан баб кесенелеріне зиярат етіп қана қоймай, өзге де киелі орындарға экскурсия жасады. Университетіміздің кампустарын аралап, Ботаникалық бақта ағаш отырғызды. Осы сынды түрлі іс-шаралар мен семинарларға қатысып, еліміздің тарихы мен салт-дәстүрі жайлы тың ақпараттар алды.
Осылайша, 20-ға жуық шетелдік студент пен жетекшілері елімізді жан-жақты тани түсті. Түркі халықтарына ортақ мәдениетті, салт-дәстүрлерді сараптады. Халқымыздың мән-мағынаға толы дәстүрі мен ерекшеліктерін көрді.
Айта кетейік, жаз оқуына қатысқан шетелдік студенттерге арнайы сертификаттар табысталды. Ал, олардың демалыстарын қызықты өткізуге ат салысқан университет қызметкерлері мен белсенді білімгерлеріміз Алғыс хаттармен марапатталды.
Түркі жұртының астанасы атанған Түркістанға сапар шеккен студенттер ерекше әсер алғандарын жасырмады. Жобаға қолдау көрсеткен Өкілетті Кеңес басқармасы мен Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру Агенттігіне (ТИКА) алғыс айтты. Сондай-ақ, осындай керемет мүмкіндік ұсынған университетіміздің басшылығына ризашылықтарын білдірді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 