4 МЛРД ТЕҢГЕ: УНИВЕРСИТЕТІМІЗ АКАДЕМИЯЛЫҚ БАСЫМДЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУҒА АРНАЛҒАН МЕГА ЖОБА ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Оқу орнымызда жүзеге асырылатын «Оңтүстік Қазақстан өңірін тұрақты дамыту үшін инновациялық технологияларды әзірлеу және заманауи инфрақұрылым құру» атты №BR24992814 жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті жариялаған 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде қаржыландырылады.
Жобаның зерттеушілері құрамында Қазақстан, Түркия, Германия, Венгрия және басқа да көптеген елдердің жетекші ғалымдары бар. Медицина, биотехнология және экология салаларын қамтитын көпсалалы жоба негізгі тақырып аясындағы салалық зерттеулерге айтарлықтай үлес қосады.
Бағдарламаның мақсаты – медицина, биотехнология және экология бойынша кешенді зерттеулер жүргізу және Арал-Сырдария өңірінің интеграцияланған және орнықты инновациялық дамуын қамтамасыз ету үшін биологиялық ресурстарды тиімді басқарудың ғылыми-практикалық жолдарын әзірлеу, өңірде тұрақты өңірлік даму және қайта өңдеу өндірістерін бақылау үшін экологиялық мониторинг, жасыл технология және қолданбалы микробиология саласында консалтинг және инжиниринг инфрақұрылымын құру.
Тек университетіміз үшін ғана емес, Түркістан облысының дамуына бағытталған жобаның мақұлдануы барша өңір халқына құтты болсын! Ел игілігіне арналған ғылыми ізденіс табысты болсын!
Осы ретте, университетімізде соңғы 4 жылдағы ғылыми жобалардың даму тенденциясы туралы мәліметті ұсынамыз: 2021-2024 жж. Ұлттық ғылыми кеңестің мақұлдауымен жалпы 44 гранттық жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. Бұл жобалардың жалпы қаржыландыру сомасы 7 407 915 078,52 тенгені құрады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 