ОҚУ ОРДАМЫЗҒА ТҮРКИЯДАН ҚАЗАҚСТАНҒА АВТОҮЙМЕН АТТАНҒАН САЯХАТШЫЛАР КЕЛДІ
Бүгін оқу ордамызға трэвел-блогерлер Бурак Дуран пен Идиль Дуран арнайы ат басын бұрды. Қонақтарды университет ректоры Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Наджи Генч қабылдады.
Ректор Жанар Темірбекова қонақтарды оқу ордамыз төрінде көргеніне қуанышты екенін айтты. Саяхатшыларға түркі мемлекеттерінен келген жастардың басын қосқан университетіміз жайлы ақпарат берді.
Айта кетейік, саяхатшы отбасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалау үшін «Көшпенді» деп аталатын автобуспен Анкарадан Астанаға 5400 шақырым жол жүріп келген.
Жас отбасы Стамбулдағы үйлерін уақытша тасап, автоүйде тұрып жатқандарына 9 айға жуықтағанын айтты. Соңғы бір айда Қазақстанды, оның ішінде Астана қаласынан бастап, өзге де көрікті мекендерді тамашалауды жоспарлағандарын атап өтті.
Әңгіме барысында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жоғары деңгейде өткенін баса айтты. Енді киелі Түркістан қаласына ат басын бұрып келгендеріне қуанышты екендерін жасырмады.
«Қазақстанға келген әрбір азамат, ең алдымен, Түркістан шаһарын көруі тиіс деп ойлаймыз. Бұл қала тым ерекше, рухани бай мекен екен. Таң қалып, тамсанғанымыз рас»,-деді Бурак Дуран.
«Көшпендінің» иелері ендігі кезекте сұлу қала Алматыға бағыт алмақ. Жол бойы еліміздің тұмса табиғаты, таулы-қыратты мекендерін көргілері келетінін айтты.
Кездесу соңында ректор Жанар Темірбекова қонақтарға арнайы сый-сияпаттар табыстады.
Трэвел-блогерлер Бурак пен Идиль Дуран құшақ жая қарсы алған университет басшылығы мен ұжымына алғыстарын айтты.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Сатылатын қызметтік автокөліктер
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Академиялық департаменті,Физика, Экология және химия кафедралары конкурс жариялайды 