ОҚУ ОРДАМЫЗҒА ҚР СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ КЕЛДІ
Бүгін халықаралық университетімізге ҚР Сенатының депутаттары: Дархан Қыдырәлі, Алишер Сатыбалдиев, Амангелді Толамисов, Геннадий Шиповских, Ғалиасқар Сарыбаев арнайы келіп, оқу орнымыздың жұмысымен танысты.
Құрметті қонақтарды ректор Жанар Темірбекова, ректор өкілі м.а. Нажи Генч, вице-ректорлар және бөлім қызметкерлері күтіп алды.
Депутаттар, ең алдымен, оқу орнымыздың ғана емес, Түркістан қаласының мақтанышына айналған Ботаникалық бақты аралап, жақсы пікірлерін білдірді. Ректор Жанар Темірбекова ботаникалық бақтың қызметі және жүргізіліп жатқан жобалар туралы айтты. Соңғы жылдары жеткен жетістіктер мен енгізілген жаңа технологиялар туралы мәлімет берді.
ҚР Сенатының депутаты әрі Өкілетті Кеңес мүшесі Дархан Қыдырәлі де университетімізде біршама игі істер атқаралып жатқанын атап өтті. Әсіресе, депутаттар университет жылыжайында өсірілетін қызғалдақтарға қызығушылық танытты.
Бұдан әрі қонақтар Жеміс-жидектерді өңдеу цехіне барды. Коммерцияландыру жобасы негізінде жұмыс істеп тұрған кешеннің қызметімен толыққанды танысты. Мұнда университетіміздің ботаникалық бағында және қаладағы өзге де жылыжайларда өсірілген жемістер өңделіп, кептірілген дайын өнім алынады. Депуттаттарға дайын өнімдер таныстырылып, қазіргі таңда сатылымға шығарылғаны хабарланды. Өз кезегінде, сенаторлар ботаникалық бақта атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, депутаттар оқу орнымыздың Мәдениет орталығына барып, «Түрік әлемінің тарихи панорамалық» мұражайын аралады. Түркі елдерінің өткені мен бүгіні көрініс тапқан музейді тамашалап, тарихи оқиғалар туралы ақпаратқа қанық болды.
Сапар соңында ҚР Сенатының депутаттары қонақжайлылық үшін алғысын айтты. Оқу орнымыздың басшылығы ботаникалық бақтың дәмдерінен сый-сыяпат табыстады.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 