«ACADEMIC LEADERSHIP INSTITUTE: DEANS' SCHOOL»: ОҚУ ОРДАМЫЗДАҒЫ МОДУЛЬДЕР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Бағдарламаның үшінші күні – «Таланттарды басқару» атты 7-модульге арналды.
Бұл модуль – университеттерде таланттарды басқарудың тиімді стратегияларын жасауға бағытталған. Яғни, қатысушылар ең жақсы таланттарды таңдау, ынталандыру және сақтау әдістерін, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби дамуы мен әл-ауқатын қолдайтын оң жұмыс мәдениетін құруды үйренеді.
Модульде ең бірінші – «Адам ресурстарын стратегиялық басқаруға кіріспе» тақырыбында университет ректоры Жанар Темірбекова мен НУ ұйымдық дамыту жөніндегі атқарушы директоры Жарқын Тілеукенов баяндама жасады.
Келесі кезекте басқа да ғалымдар: «Ұйымдастырушылық жобалау стратегиялары», «ОПҚ қызметін бағалау стратегиялары», «Оқытушылардың әл-ауқатының мәдениетін дамыту», «Қақтығыстарды басқару: Қақтығыстарды анықтау, алдын алу және шешу әдістері», «Байланыс және топтық жұмыс: тиімді қарым-қатынас дағдылары, команда құру» тақырыптары аясында маңызды ой өрбітті.
Спикер ғалымдар қатарында университетіміздің Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева мен НУ денсаулық және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директоры Марат Тарасов және НУ аға психологы Клара Агаева да бар.
Жиын соңында қатысушылар: жоғары білікті қызметкерлерді іріктеу мен ұстаудың тиімді стратегияларын әзірлеу және енгізу, кәсіби өсуді және жұмысқа қанағаттануды қолдайтын оң ұйымдастырушылық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету, кикілжіңді шешу әдістерін қолдану мен қызметкерлер арасындағы байланыс пен топтық жұмысты жақсарту, оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіби және тұлғалық дамуының кешенді бағдарламаларын әзірлеу және басқару бойынша жаңа ақпараттар алды.
Басқосуда сөз алған ректор Жанар Темірбекова: «Осындай ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруға ат салысқан Ясауи университеті мен Назарбаев университетінің ғалымдары мен ұйымдастырушыларына, барлық спикерлерге алғыс айтамыз!
Сіздердің бүгінге дейін танып, білген Ясауи отбасы, Ясауи университеті – осындай! Өздеріңізді қай уақытта болмасын қуана қарсы алуға дайынбыз. Университеттер арасындағы осындай керемет қарым-қатынас нығая берсін!»,-деп, ақ тілегін арнады.
Оқыту мектебі соңында декандар қауымы түрленген Түркістан төрінде қонақ еткен Ясауи университетінің басшылығы мен қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Осылайша университет кампусында үш күнге созылған модульдер өз мәресіне жетті. Қатысушылар өздерін жан-жақты дамытып қана қоймай, әріптестік қарым-қатынастарын нығайтып, тәжірибе алмасты.
Айта кетейік, Түркістан қаласында бағдарламаның тек 3,6,7 модульдері өтті. Ал, декандардың кәсіби дамуын мақсат еткен айтулы бағдарлама желтоқсан айына дейін жалғасады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Сатылатын қызметтік автокөліктер
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Академиялық департаменті,Физика, Экология және химия кафедралары конкурс жариялайды 