ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ №3 СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Басқосу, әдеттегідей, университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын марапаттау және мерейтойларымен құттықтау рәсімімен бастау алды.
Университет ректоры Жанар Темірбекова және ректор өкілі м.а. Нажи Генч Қазақстан Республиксының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сай, қос бірдей профессорға мемлекеттік наградаларды табыс етті. Түркология ғылыми зерттеу институтының директоры, профессор Шәкір Ибраев «Парасат» орденімен, ал профессор, композитор Бекжігіт Сердәлі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ, оқу орнымыздың басшылары Экономика, басқару және құқық факультетінің оқытушысы Ботагоз Дандаеваны және Медицина факультетінің оқытушысы, б.ғ.к Раушан Қуандықованы мерейтойларымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.
Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі және әртүрлі мәселелер қаралды. Негізгі мәселелер: «Жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша (магистратура және докторантура) 2024-2025 оқу жылына қабылданған білімгерлердің ғылыми жетекшілерін, магистранттардың диссертацияларының тақырыптарын бекіту» бойынша және «2024-2025 оқу жылына арналған жоғары оқу орнына дейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына білім алушыларды қабылдау қорытындылары туралы» баяндамашылар өз ұсыныстары мен есептерін айтты.
Сондай-ақ, басқосуда Университет ОПҚ-ның құжаттарын ғылыми атақ алу үшін ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне ұсыну туралы; Ахмет Ясауи университетінің ішкі кәсіби рейтингін анықтау ережесіне (УЕ-ХҚТУ-075-2023) өзгерістер енгізу туралы; Марапаттау комиссиясының құрамын қайта бекіту туралы; 2024-2025 оқу жылының қысқы қабылдау комиссиясының құрамын бекіту туралы; «Академиялық саясатты» бекіту туралы және т.б. мәселелер талқыланды.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 