QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS: УНИВЕРСИТЕТІМІЗ КЕЗЕКТІ РЕТ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білім беру мәселелеріне арналған QS Higher Education: Asia Pacific 2024 пре-саммиті өтті. Халықаралық шара QS Азия-Тынық мұхиты саммитінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек отандық университеттердің жоғары білім мен ғылым саласын дамыту бағытында жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады. Министр QS әлемдік рейтингіне қазақстандық 21 жоғары оқу орны қатысатынын және жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отырғанын атап өтті.
Айтулы жиынға арнайы келген QS Quacquarelli Symonds сараптама агенттігінің коммерциялық бас директоры Джейсон Ньюман QS World University Rankings 2025 рейтингінде жоғары орын алған бірқатар қазақстандық университеттерді марапаттап, арнайы сертификаттар табыстады. Олардың қатарында Ахмет Ясауи университеті де болды. Джейсон Ньюман марапатты университет ректоры Жанар Темірбековаға табыс етті.
Еске салайық, университетіміз QS World University Rankings 2025 әлемдік рейтингінде 801-850 аралығындағы позицияға ие болды. Бұл позициямен қоса, «Жұмыс берушілердің беделі», «Академиялық бедел», «Шетелдік студенттер» сияқты рейтинг көрсеткіштері бойынша күшейе түсті. Рейтингке әлемнің 104 елінен 1503 университет қатысты.
Биыл QS World University Rankings 2025 рейтингіне енген қазақстандық жоғары оқу орындарының саны 19-дан 21-ге дейін артып, оқу орнымыз ұлттық және зерттеу университеттердің арасында 7-орынды сақтап қалды.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 