МҰСТАФА КЕМАЛ АТАТҮРІКТІ ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ
Жиын ректор өкілі м.а Нажи Генч пен әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегеновтің Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткішіне гүл қою рәсімімен бастау алды. Барша қатысушы Ататүріктің рухына тағзым етіп, еске алды. Ұлт көшбасшысы мен республика құру жолында жанын пида еткен барлық шейіттер құрметіне екі минуттық үнсіздік жарияланды. Қос мемлекеттің әнұраны шырқалды.
Іс-шарада сөз бастаған Түркияның Түркістандағы Бас консулы Илкер Пак:
«Бүгін біз ұлт көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүрікті еске алу үшін бір ортаға тоғыстық. Түркі әлемінің рухани астасы болған қасиетті Түркістандамыз. Бұл күндері түркі мемлекеттері білім мен ғылым, экономика, мәдениет пен өнер сынды көптеген алаңдарда ынтымақтастық орнатты. Бұл Ататүріктің алдына қойған мақсаттарының бірі еді. Сол кісінің ерен еңбегінің арқасында бүгін осы ортадамыз. Рухани байланысымыз нығая түсуі үшін бірлікте жұмыс істеуіміз керек»,- деді.
Келесі кезекте, ректор өкілі м.а Нажи Генч саяси қайраткер Мұстафа Кемал Ататүріктің өмірі мен Түркияның тарихында қалған өшпес ізі, ұлт жанашыры ретінде атқарған саяси қадамдары жайлы баяндады.
«Мұстафа Кемал Ататүрік Түркия Республикасының негізін қалаушы ғана емес, түркі мемлекеттерінің тәуелсіз ел болуын қалаған азамат еді. Ол түркі халықатарына егемендіктің қадір-қасиетін ұғындырды.
Түркі мемлекеттерінің бірігіп, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанын көру үлкен қуаныш. Бүгінгі күн – Ататүріктің тәуелсіздік жолында атқарған ұлы істерінен кейін арман етіп, жас ұрпаққа аманат еткен күні. Оның мирасы мен тәуелсіз ақ таңымыздың қадіріне жетуіміз керек»,-деді.
Жиын соңында Мұстафа Кемал Ататүрік туралы бейнеролик көрсетіліп, Мағжан Арғынбай өлең шумақтарын оқыды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Сатылатын қызметтік автокөліктер
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Академиялық департаменті,Физика, Экология және химия кафедралары конкурс жариялайды 