СПОРТШЫ СТУДЕНТТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
Спортшы жастарымыз 15-18 қараша күндері дзюдо күресінен Ақтөбе қаласында ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.
Айтулы сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 510 спортшы қатысты.
Білімгеріміз Құндыз Жылқыбай әйелдер арасында 52 кг салмақ дәрежесінде 3-орынды иеленді. Ерлер арасынан Айдар Арапов 90 кг салмақ бойынша 3-орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар, оқу ордамыздың спортшылары өзге де республикалық сайыстарда топ жаруда. Студенттеріміз Тараз қаласында өткен ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасы кубогының жеңімпазы атанды.
Спортшымыз Нилуфар Раймова 57 кг салмақ дәрежесі бойынша 1-орын иегері атанды. Ал, 55 кг салмақта Айнұр Әшімова 2-орынға табан тіреді. Бұрымды балуандарымыз: Шұғыла Өмірбек – 57 кг, Мадина Аман – 59 кг, Тыныс Дүбек – 62 кг, Гүлдана Өсербай – 68 кг, Шәмшиябану Тастанбек – 72 кг салмақ дәрежесінде 3-орыннан көрінді. Сондай-ақ, 97 кг салмақта белдескен балуан Қалдыбек Иманғали да 3-орынды қанжығасына байлады.
Айта кетейік, жарыста жалпы командалық есепте Түркістан облысының қыздар командасы жеңіске жетті. Бұл жетістікке университет студенттерінің жеңісі де әсер етті.
Университет атын асқақтатқан барша жеңімпаз спортшымызды құттықтаймыз!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 