ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ӨЗБЕКСТАНДА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1997 жылдан бастап 16 қараша бүкіл әлемде – «Халықаралық толеранттылық күні» ретінде белгіленді. 2019 жылдан бері көрші мемлекетте де Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің бастамасымен «Халықаралық толеранттылық күнін» атап өту дәстүрге айналған. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тауып, «Жаңа Өзбекстандағы діни толеранттылық» тақырыбында толеранттылық апталығы өтті.
Апталық аясында Өзбекстан Халықаралық Ислам Академиясында – «Дінаралық диалог және толеранттылық – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» атты халықаралық ғылыми семинар ұйымдастырылды. Дін өкілдері жиылған маңызды басқосуда «Ясауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD Бауыржан Сайфунов «Діни экстремизмге қарсы тұруда Ясауи мәдениетін жұмсақ күш ретінде қолдану» тақырыбында және Теология факультеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі, PhD Фэриде Камалова «Діни төзімділікті нығайтудың ғылыми-теориялық негіздері» атты семинар өткізді.
Халықаралық ғылыми семинарға Түркия, Малайзия, Индия, Оңтүстік Корея, Ресей, Шотландия, Армения, Қазақстан және Өзбекстанның ғалымдары, Ташкент және Өзбекстан епархиясының, Орыс православие шіркеуінің діни қызметкері, ЮНЕСКО-ның «Дінтану және әлемдік діндерді салыстырмалы зерттеу» кафедрасының, Өзбекстан Халықаралық Ислам Академиясының ғылыми қызметкерлері, оқытушы-профессорлар құрамы және басқа да мамандар мен академия студенттері қатысты.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 