ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЕРЕСЕКТЕР ЖӘНЕ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ КУБОГЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Университетіміздің ұйытқы болуымен, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы біріге ұйымдастырған сайыс тартысты өтті.
Жарысқа Қазақстан, Түркия, Ресей, Монғолия, Қытай, Ауғаныстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан құрама командаларынан 40-қа жуық спортшы тоғызқұмалақтың рапид түрінен қатысты. Ал, блиц түрінен 9 кезеңде 70-тен астам спортшы бақ сынасты. Сондай-ақ, университетіміздің атынан 16 спортшы қатысты.
Сайыс төрешілерінің қатарында Халықаралық дәрежедегі төреші, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары (ғылыми-практикалық) орталығының басшысы Қашымхан Дәуренқұлов пен Бас хатшы, Өзбекстаннан келген Халықаралық дәрежедегі төреші Жақсыбай Қалмуратов пен өзге де мамандар болды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Тоғызқұмалақтан ересектер мен жастар арасындағы Азия кубогын иеленді. Ал, тоғызқұмалақтың рапид түрінен Қырғызстан құрамасы 1-орынды жеңіп алды.
Жүлдегерлер арасынан оқу ордамыздан Гевхер Шохрадова және Розыгулу Маликулиев 3-орынды қанжығаларына байлады. Жеңімпаз атанған қатысушылар қаржылай және басқа да сый-сияпаттарға ие болды.
Жеңімпаздарды ректор Жанар Темірбекова мен Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Шотаев және облыстардан келген жаттықтырушылар арнайы марапаттады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 