ҒАЛЫМДАРЫМЫЗ МАҢЫЗДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2-3 ақпан күндері Өзбекстанның Ташкент қаласында Халықаралық Ислам Академиясында – «Адамдық бауырластық пен дінаралық диалог – халықаралық ынтымақтастықтың факторы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Аталған конференцияға университетіміздің Теология факультетінің ғылым жөніндегі декан орынбасары — аға оқытушы, PhD Бауыржан Сайфунов, Дінтану кафедрасының меңгерушісі — аға оқытушы, PhD Фэриде Камалова және Филология факультетінің аға оқытушылары: Ләззат Рысбекова Мөлдір Қыздарбекова қатысты.
Айта кетейік, халықаралық ғылыми шараға Халықаралық Ислам Академиясының шақыртуымен Италия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Қазақстан және Өзбекстан мемлекеттерінің ғалымдары да келді.
Конференцияға қатысушы ЮНЕСКО-ның, Бүкіләлемдік Мұсылмандар қауымдастығының, Рим Католик шіркеуі өкілдерінің баяндамалары негізінен «Бауырластық һәм тыныштық» тақырыптары аясында өрбіді.
Ғылыми іс-шара барысында Халықаралық Ислам Академиясының ректоры Гафуров Уйгун Толкинұлы Ахмет Ясауи университеті арасындағы жұмыстарды жан-жақты жандандыру керектігі жөнінде ерекше ықыласпен атап өтті.
Ғылыми іс-шараның ресми бөлімінен соң оқу ордамыздың оқытушылары университетаралық қатынастарды дамыту аясында Халықаралық Ислам Академиясының дінтану және исламтану бағытында мамандар дайындайтын кафедралардың оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті. Кафедра меңгерушілері мен оқытушы-профессорлар құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізу, маман дайындау, академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде білімалушылар мен оқытушыларды тағылымдамадан өткізу сынды т.б жұмыстар жоспарын түзу сияқты мәселелерді ақылдасып, талқылады.
Ғылыми іс-шараның келесі кезеңі ғылыми-тарихи-мәдени таныстырылыммен жалғасты. Конференция қонақтары Халықаралық Ислам Академиясының оқу корпустарымен, ғылыми кітапханасы, академияның сирек қолжазбалар сақтау қорымен танысты.
Ары қарай қатысушылар Өзбекстан астанасының қақ ортасында орналасқан Шайхантаур (Шайх Ховенди әт-Тахур) кешенінде мәңгілік тыныс тауып жатқан атамыз Төле би баба кесенесіне зиярат жасалып, тағзым етті.
Конференция соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 