РЕКТОР АЗИЯ ЧЕМПИОНЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Міне, бүгін, университет басшылығы оқу орда атын асқақтатып жүрген спортшымыз, Азия чемпионы – Сағындық Тоғамбайды қошеметпен қарсы алды. Сағындық Тоғамбайдың жеке бапкері – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов пен оқу ордамыздың жаттықтырушысы Еркебұлан Көпесов те келді. Спортшымызды әлемдік додаға дайындаған бапкерлеріне ерекше құрмет көрсетілді.
Сағындық Тоғамбай – жақында ғана бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында 92 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, алтын жүлдені жеңіп алды.Ұлттық құрама намысын қорғаған студентіміз еліміздің абыройын үстем етіп, оқу ордамызға үлкен қуаныш сыйлады.
Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай - Азия бокс конфедерациясының жыл қорытындысы бойынша «Жылдың ең үздік боксшысы» атанды.
Чемпион мен бапкерлерін ректор Жанар Темірбекова арнайы қабылдап, кездесу өткізді. Басқосуға әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов пен Спорт-сауықтыру орталығының басшысы Еркебұлан Балғабаев қатысты.
Кездесу барысында ректор Жанар Темірбекова Сағындық Тоғамбай мен бапкерлерін айтулы жеңіспен құттықтап, ақ тілегін білдірді.
Жиын соңында Азия чемпионына қаржылай сый-сияпат табыстады. Ал, бапкерлердің иығына шапан жауып, сый көрсетті.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 