III YASAWI WINTER SCHOOL БАСТАЛДЫ
Биыл үшінші рет ұйымдастырылған жобаның мақсаты – оқу орнымыздың оқытушы-профессорлар құрамы, ғалымдар мен әкімшілік қызметкерлерінің ғылым, академия, халықаралық байланыстар және спорт салалары бойынша білімдері мен біліктіліктерін арттыру, ұжым арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік байланыстырды нығайту.
Қысқы мектептің алғашқы апталығы Академиялық мәселелерге арналады. 8-10 қаңтар күндері Академиялық департамент спикерлері университет оқытушыларына арналған – «Силлабустардың құрылымын жетілдіру» тақырыбында семинар-практикумдар өтуді бастады.
Айтулы семинар пәндер бойынша силлабус құруға қажетті практикалық дағдыларды меңгертуді мақсат етеді.
Қысқы мектеп қатысушылары алдағы күндері: Құзыреттіліктер, оқу нәтижелері және бағалау критерийлері; Оқыту әдістері және жоспарланған оқу іс-шаралары, оқытуға жетекшілік ету; Оқу тапсырмалары және студенттердің жұмыс жүктемесі; Білім берудің инклюзивті жағдайларын қамтамасыз ету сынды т.б маңызды тақырыптарды өтеді.
Сондай-ақ, семинар нәтижесінде әр профессор-оқытушы құрамының өкілі өзінің жүктемесі бойынша таңдаған бір пәнінен ұсынылған үлгіге сәйкес силлабус дайындап, тренерге өткізеді. Ал, семинар-практикумдар жүргізетін тренерлер құрамында оқу ордамыздың 37 оқытушысы бар.
Айта кетейік, семинар-практикумдар Түркістан кампусының 1, 2, 3-ғимараттары, Кентау мен Шымкент кампустарында да өтеді.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 