YASAWI WINTER SCHOOL: ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Университетте орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытын Тұрақты даму мақсаттары аясында айқындау мен ғылыми этикалық мәселелерді талқылау мен ғылыми жобаны әзірлеудің әдістемесін талдауды мақсат еткен апталық жоғары деңгейде өтті.
Апталықтың басты міндеттерінің бірі – алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеушілік тәжірибелерді ұсыну арқылы оқытушы-профессор құрамы мен ғылыми қызметкерлердің ғылыми-зерттеу құзыреттерін арттыру және жетілдіру. Осы орайда, 5 күн бойы оқу ордамыздың ғалымдары мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нархоз университеті, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен келген ғалымдар маңызды баяндамалар оқып, тәжірибелерімен бөлісті.
Жалпы саны – 13 спикер 22 баяндама оқып, практикумдар өтті.
Сонымен қатар, қатысушылар: Ғылыми-зерттеу жобасын жазу; Ғылыми-зерттеу жобаларын басқару; Ғылыми-зерттеу мақалаларды әзірлеу; Зерттеу әдістері, этика; Тұрақты даму мақсаттары арқылы ғылыми әлеуетті арттыру; Коммерцияландыру жобаларын әзірлеу, басқару; Зерттеу және академиялық артықшылық тақырыптары бойынша интерактивті сабақтарға қатысты.
Ғылым апталығының соңғы күні, 5-модуль – «Ғылымдағы идеядан нәтижеге дейін» тақырыбында өтті. Ғалымдарымыз қатысушыларға: Ғылыми жобаларды тиімді басқару: идеядан нәтижеге дейін, Жоғары индексті журналдарға мақала жазу және жариялаудың жолдары, Зияткерлік меншік нысандарын коммерцияландыру тақырыптарында тың ақпараттар берді.
Осылайша, университетіміздің профессор-оқытушылары мен жас ғалымдарының басын қосқан Ғылым апталығы аяқталды. Ғылым-білім жолында еңбек етіп жүрген ғалымдарымыз өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, біліктіліктерін арттырды.Қатысушылар маңызды апталықты ұйымдастырған Ғылым департаменті мен университет басшылығына ризашылықтарын білдірді. Қызықты, әрі берері мол баяндамалар оқыған спикерлерге де алғыс айтты.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 