УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ
Университетіміздің оқытушы-профессорлық құрамы мен білім алушы докторанттарының ғылыми-зерттеу құзыреттерін арттыру және жетілдіру мақсатында Назарбаев Университеті Медицина факультетінің доценті Гаипов Абдужаппар Эркинұлы «Зерттеу методологиясы» тақырыбында дәрістер мен практикалық талқылаулар жүргізді.
Ғылыми семинар «Оңтүстік Қазақстан өңірінің тұрақты дамуы үшін инновациялық технологияларды дамыту және заманауи инфрақұрылымды құру» бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында өтті.
Бағдарлама аясында қатысушылар ғылыми зерттеу жүргізу әдістері, клиникалық тәжірибеге негізделген ғылыми гипотезаларды қалыптастыру, ғылыми идеяларды генерациялау және медициналық мақалалар жазу бойынша ақпарат алды.
Ғалымдар шара барысында өздерінің ғылыми жобалары бойынша сұрақтар қойып, тәжірибелі ғалымның кеңесін алды. Семинар тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, пайдалы әрі мазмұнды өтті.
Университетіміз осындай ғылыми жиындарды жүйелі түрде ұйымдастырып, зерттеушілердің біліктілігін арттыруға ықпал етуді көздейді.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 