УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ МЕДИА МАМАНДАРЫ UNIMEDIAX25 ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
Семинардың басты мақсаты – медиа және коммуникация саласындағы заманауи әдіс-тәсілдерді оқыту, қоғаммен байланыс тиімділігін арттыру және ақпараттық стратегияны дамыту. Шара барысында қатысушылар шетелдік студенттерді Қазақстанға тартудың жаңа әдістерін, дағдарыс жағдайындағы коммуникацияны басқару және әлеуметтік медианы қолданудың тиімді жолдарын талқылады.
Іс-шараны Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашып беріп, сала бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, алға қойған мақсаттарды түсіндірді.
Еуразия Ұлттық Университетінің қабырғасында өткен семинарға жетекші медиа мамандар, PR саласының сарапшылары және стратегиялық коммуникация бойынша танымал тренерлер қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері де спикер болды. Қатысушыларға нақты кейстер ұсынылып, заманауи құралдарды қолдану бойынша практикалық сабақтар өтті.
Сонымен қатар, республиканың әр өңірінен келген ЖОО және ғылыми институттардың баспасөз хатшыларына ЕҰУ-нің Студенттері үйі, Coventry University және М.Нәрікбаев университетінің инфрақұрылымдық мүмкіндіктері таныстырылды.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған бұл семинар еліміздегі жоғары оқу орындарының баспасөз қызметтері үшін жаңа кәсіби мүмкіндіктерге жол ашып, медиа және PR саласындағы біліктілікті арттыруға ықпал етті. Университетіміздің өкілдері осындай ірі шараға қатысу арқылы өздерінің кәсіби әлеуетін нығайтып, жаңа білім мен дағдыларды меңгерді.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 