ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТОМАТОЛОГТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Негізгі мақсат – студенттердің күнделікті еңбектерін бағалау, дәрігерлік кәсібіне құрмет көрсету және көңілді, әрі әсерлі сәттерді бірге өткізу.
Жиын Стоматология факультетінің оқытушы-профессорлар құрамының білімгерлерге арнаған жылы лебіздерінен, арнайы бейнероликтен бастау алды.
Факультет студенттері – ғылым-білім жолында еңбектеніп жүрген талапшыл жастардан құралған. Осы тұста, оқу ордамыздағы ғылыми-конференциялық іс шараларда оза шауып, республикалық кезеңге жолдама алған студенттер марапатталды.
Келесі кезекте, студенттердің білімдерін арттыру мақсатында 1-4 курс арасында жарыс ұйымдастырылды. 4-кезеңнен тұратын сайыста студенттер өздерінің теориялық және практикалық білімдерін ортаға салды. Стоматология саласына қатысты қызықты ойындар арқылы өзара сынға түсті. Оның ішінде, рентген суреттеріне қарап тіс нөмірін табудан бастап, тістерді сабыннан жасау, тістерге реставрация жасау сынды тапсырмаларды орындады.
Қатысушылардың білімдерін бағалау үшін факультет оқытушылары атсалысып, қазылық етті.
Іс-шара соңында факультет деканы Кыванч Камбуроғлу студенттерді марапаттап, сый-сияпат табыстады. Жеңімпаз жастар оқу орданың брендтелген өнімдері мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 