ТҮРКИЯЛЫҚ ОҚЫТУШЫ СТУДЕНТТЕРІМІЗДІ ЕРЕКШЕ ӨНЕРГЕ БАУЛУҒА КЕЛДІ
Түркі халықтарының мәдени мұрасын тоғыстырған қасиетті Түркістанға, оның ішінде халықаралық оқу орнымызға Түркияның Трабзон университетінің докторы, доцент Ахмет Түре арнайы келіп, студенттерге су бетінде бейнелеу техникасын үйретіп жүр.
Эбру – судағы өрнек, қайталанбас туынды. Бұл өнердің ерекшелігі – су бетіне бір рет салынған суретті дәл сондай етіп қайталау әсте мүмкін емес. Эбру өнері ғасырлар бойы түркі мәдениетінің ажырамас бөлігі болып, кітап безендіруден бастап, шығармашылықтың шыңына дейін жеткен.
Халықаралық академиялық ауысым бағдарламасымен келген Ахмет Түре бүгінде Спорт және өнер факультеті Бейнелеу өнері кафедрасының студенттеріне сабақ өтіп жатыр. Ол алдағы 4 айда білім алушыларға эбру өнерінің қыр-сырын үйретіп, көрме ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл көрме түркі халықтарының ортақ мұрасы мен мәдени сабақтастығын арттыра түспек.
Түркиялық оқытушы Қазақстанға алғаш рет келсе де, өзін жат сезінбейтінін айтады. «Бұл жер – біздің ата топырағымыз, Ахмет Ясауидің мекені. Түркі әлемінің рухани астанасына келу – мен үшін үлкен бақыт», – дейді ол.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 37. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды 