ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛАРЫ МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Жастардың конституциялық құқық саласындағы құзыреттерін арттыру заң мен тәртіпті нығайтуда шешуші рөл атқарады. Осы орайда, университетіміздің Өкілетті Кеңес Төрағасы Мұхиттин Шимшек пен ректор Жанар Темірбекова Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимовамен кездесті.
Жиын барысында оқу ордамызда Заң факультетін қайта құру мәселесі талқыланды. Қаңтар айында кезектен тыс өткен №3 Сенат Мәжілісінде – «Экономика, басқару және құқық» факультетінен Заң (Құқық) факультетін бөліп шығару жөнінде ұсыныс қаралған болатын.
Айта кетейік, Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова – Ясауи шаңырағын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған мақтанышымыз! Сондай-ақ, оқу ордамыздағы Түлектер қауымдастығының төрағасы. Осылайша, университеттің жанашырлары сүбелі сұхбат құрып, ғылым-білім жолындағы келешегі жөнінде ой қозғады.
Сонымен қатар, «заң және тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында студенттер арасында құқық саласындағы икемді дағдыларды дамытуға үлес қосуға дайындығы жайлы сөз болды.
Кездесу соңында білімгер жастар арасында азаматтарды құқықтық ағарту мен конституциялық құқық саласындағы білімді нығайту мәселелері бойынша бірлескен шаралар өткізу туралы Меморандумға қол қойылды.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 