ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: СТУДЕНТТЕРІМІЗ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ
Басты мақсат – қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық жағдайды жақсартуға және халықтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бастамасын қолдау.
Ал, Қаратау қорығында «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру –табиғи байлықтарды сақтауға және экологиялық мәдениетті дамытуға үлкен үлес қосады. Бұл бастама арқылы қорықтың бірегей табиғаты мен экологиялық тепе-теңдігін сақтау мүмкіндігі арта түспек.
«GREEN GROWTH» клубының мүшелері мен Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының мамандары Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының аумағын тазалады. Олар полиэтилен пакеттерін жинау және арық бойын түрлі қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, полиэтилен пакеттер желмен оңай тасымалданады. Олардың салмағы жеңіл болғандықтан, желдің әсерінен ұзақ қашықтыққа ұшып, табиғатқа зиян келтіреді. Пакеттер топыраққа, өзен-көлдерге түсіп, олардың экожүйесіне кері әсер етеді. Полиэтилен табиғи жолмен ыдырамайды және қоршаған ортада жүздеген жылдар бойы сақталады.
Сондай-ақ, студенттеріміз жағалау аймақтарын да тазалады. Қорық абаттандырылып, 30 қап қоқыс шығарылды.
«Таза Қазақстан» акциясы сынды экологиялық бастамалар табиғатқа оң әсерін тигізеді. Егер қоршаған орта таза әрі қауіпсіз болса, құстар да еркін ұя салып, көбейе алады. Бұл – экожүйені сақтауға көмектесетін керемет бастама.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 