№7 СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Басқосу дәстүрге сай университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын мерейтойларымен құттықтау рәсімімен бастау алды.
Университет ректоры Жанар Темірбекова Физика кафедрасының доценті, профессор Алишер Темірбековты 75 жас, ал, Экономика, басқару және құқық факультеті деканатының класс маманы Тамара Дәулетбайқызын 60 жас, Биология кафедрасының аға оқытушы Гүлжан Орынбасарқызын 50 жас мерейтойымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.
Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Университеттің 2024 күнтізбелік жылындағы ғылым саласының Стратегиялық және индикативті көрсеткіштері бойынша Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева баяндады.
Сондай-ақ, Жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2024–2025 оқу жылында қысқы кезеңде қабылданған докторанттардың ғылыми жетекшілері және магистранттардың ғылыми жетекшілері мен диссертация тақырыптарын бекіту, Университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту, РОӘК-не Гриф алуға және баспаға ұсыну, Студенттердің жатақханаларда тұру ережесін (УЕ-ХҚТУ-074-2021) бекіту сынды т.б маңызды мәселелер қаралды.
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Университеттің медициналық клиникаға қажетті құрылғыларды техникалық ерекшелікке сәйкес сатып алу.
Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Орындаушылық өнер кафедрасы конкурс жариялайды
Коммерцияландыру офисі конкурс жариялайды
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті 