УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕДІ
Университет ғалымдары бірнеше жылдан бері жылыжай жағдайында қызғалдақтарды көбейтудің инновациялық технологиясын әзірлеумен айналысып келеді. Бұл зерттеулер 2022-2024 жылдар аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып, «Қазақстанда қызғалдақтың бастапқы материалдар коллекциясын жасау, эксклюзивті түрлері мен сорттарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеп, қолданысқа енгізу» ғылыми жобасы аясында гранттық қаржыландыруға ие болды.
Жобаның негізгі мақсаты – қызғалдақтың перспективті, жерсіндірілген түрлері мен сорттарын өндіріске енгізу, селекциялық жұмыстар үшін бастапқы материалдар жинағын қалыптастыру және Қазақстанның гүл өсіру саласын дамыту.
Бүгінде жоба сәтті аяқталды, десе де университет бағында гүлді өсіру жұмыстары жалғасын тауып келеді. Алғашында 3 мың дана қызғалдақ егілген жылыжай көлемі бүгінде айтарлықтай ұлғайып, биыл Голландиядан әкелінген 8 мың дана қызғалдақ пиязшығы отырғызылды. Қазіргі уақытта жылыжайда қызғалдақтың 14 түрлі сұрыптары өсірілуде, олардың қатарында: Ace of Spades, Barcelona Blanca, Bullit, Crème Fraich, Crisco, Jumbo Beauty, Lady Bell, Pink Stone, Rebellious Yellow, San Luiz, Showroom, Strong Gold, Triple A, Strong Love сынды ерекше әсем сорттар бар.
Жылдағы дәстүр бойынша, ботаникалық бақта өсірілген әсем қызғалдақтар наурыз айындағы мереке күндері университеттің ардагер ұстаздары мен серіктестеріне сый ретінде ұсынылады. Сонымен қатар, гүлдерді коммерцияландыру жұмыстары да қолға алынып, сатылымға шығару жоспарланып отыр.
Оқу ордамыздың ғалымдары қызғалдақ өсіру мен зерттеу жұмыстарын одан әрі жетілдіре отырып, Қазақстанның гүл шаруашылығын дамытуға үлес қосуды жалғастыра береді.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 