ҚЫРҒЫЗ ХАЛЫҚЫНЫҢ «АҚ ҚАЛПАҚ» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ
Салтанатты кешті ашып беру үшін сөз бастаған ректор өкілі м.а Нажи Генч: «Түркі дүниесіндегі халықтар үшін ең маңыздысы – өз дәстүрі мен тарихын сақтау. Міне, бүгін дәстүрі мен ұлттық құндылығын сақтаған қырғыз халқының Ақ қалпақ күні мерекесі құтты болсын!
Кемел болашақтың кепілі өткенді ұмытпай тарихымызға қорған болуда жатқанын ұмытпайық. Сондықтан, айтулы іс-шараны ұйымдастырушылар мен студенттерге алғыс айтамын!»,-деді.
Концерттік бағдарламамен ұласқан іс-шараның шымылдығын «Атамекен» ұлт аспаптар фольклорлық ансамблі «Машботой» күйімен түрді. Сондай-ақ, сахна төрінде қырғыз жастары әуелете ән салып, би биледі. Студенттеріміз Қырғызстан жайлы патриоттық өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, ерекше рух сыйлады.
Қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматовтың махаббат пен сағынышқа, адалдық пен күреске толы шығармасы – «Қызыл орамалды Шынарым» қойылымын сахналады.
Ақ қалпақ – қырғыз халқының ең құрметті бас киімі. Мерекеге арқау болған Ақ қалпақтың тарихы мен әр ердің өз жасына лайық киетін түрлері, мағынасы таныстырылды. Көрермен қауым қырғыздың ұлттық, көркем құндылықтарын тереңінен тани түсті.
Көңілді кеште көрермендерге қырғыздардың салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиетіне байланысты сұрақтар қойылып, сый-сияпаттар берілді.
Қырғыз халқы бірде-бір мерекесін комуз аспабынсыз өткізбеген деседі. Бүгінгі кеште те өнерпаздар сол аспаппен «Ак тамак, кок тамак» күйін ойнады.
Кеш соңында туған топырағы мен еліне деген сүйіспеншілігін көрсеткен барша қырғыз жастарына көрермен қол шапалақтап, құрмет көрсетті. Мерекелік кеш түркі жастарының басын қосқан оқу орнымыздағы ұлттар татулығы мен достығының әсем бейнесін көрсетті.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 